АҚШ: Бейжіңнің Мәскеуге қолдау көрсетуі Батыспен қарым-қатынасына кедергі болып отыр

Путин қазір Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайда іссапармен жүр

АҚШ үкіметі Бейжіңнің Мәскеуге қолдау көрсетуі Қытайдың Батыспен қарым-қатынасына кедергі болып отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік департаменттің өкілі Ведант Пательдің айтуынша, Қытай «бір уақытта екі тойда өнер көрсете алмайды». Осылайша Америка билігі Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің бір күн бұрын болған кездесуін меңзеп отыр.

Мемлекеттік департамент егер Қытай бір мезгілде қарт құрлықтың қауіпсіздігіне ұзақ уақыт бойы ең үлкен қатер төндірсе, Еуропамен және басқа батыс елдерімен қарым-қатынасты жақсарту мүмкін емес деп санайды,.

Пательдің пікірінше, Қытай Ресейді тікелей қару-жарақпен қамтамасыз етпесе де, Украина қақтығысында шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, Қытай кем дегенде ресейлік қорғаныс өнеркәсібіне қажет өнімдердің негізгі жеткізушісі болып қала береді.

«Бұл қолдаусыз Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы қиын болар еді», - деген еді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сәуір айының соңында Қытайға сапарында.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин қазір Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайда іссапармен жүр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19