Ресейдің келесі президенті кім болуы мүмкін?

Ол 2014 жылы Қырымды аннексиялау кезінде ерекше көзге түсті

Гарвард университеті Ресей президенті Владимир Путиннің ықтимал ізбасары туралы болжам жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда 71 жастағы Владимир Путин Тула облысының 50 жастағы губернаторы генерал-полковник Алексей Дюминді өзінің көмекшісі етіп тағайындады. Осыған дейін ол Федералды күзет қызметінде жұмыс істеп, Путинді күзеткен. 2014 жылы Қырымды аннексиялау кезінде ерекше көзге түсті, содан кейін қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына кірісті және Ресей Федерациясының батыры атағын алды.

Ол Путинмен үнемі хоккей ойнайды, 2016 жылы күзетші ретінде Ресей президентін тауда аюдың шабуылынан құтқарғанын айтқан.

BILD басылымының шолушысы Филипп Пятов Дюминді «аюларға қарсы оққағар» деп атайтынын және «ресейлік сарапшылар арасында жылдар бойы диктатор тағының мұрагері болып саналғанын» атап өтті.

Путиннің көмекшісі болып тағайындалғаннан кейін Ресейде көпшілік оған ізбасар ретінде қарай бастады. Сол сияқты әскерилер мен үгітшілер арасында да танымалдығы жоғары, тіпті Евгений Пригожин де тірі күнінде оны жоғары бағалайтын. Мұндай пікірмен Гарвард университетінің Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығы да келісетіні белгілі болды.

«Егер Путин өзінің мұрагерін таңдау туралы шешім қабылдаса, Алексей Дюмин ең жақсы үміткер болуы мүмкін», - дейді америкалық сарапшылар.

__Последние новости

  • Басты назарда

Курсанттардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Бүгін, 10:25
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

Кеше, 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13