Грузияда митингке шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды

«Шетел агенттері» туралы заңның қабылдануына грузиялықтар қарсылық білдірді

Грузияда жағдай ушығып барады. Тбилисиде Грузия парламенті ғимаратының жанында полиция мен «шетелдік ықпал туралы» даулы заңның қабылдануына қарсылық білдірушілер арасында қақтығыс болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Грузияның Ішкі істер министрлігі наразылық акциясы «Жиналыстар мен шерулер туралы» заңды бұзды деп мәлімдеді.

Соңғы оқылымда мақұлданған заң жобасы шетелден қаржыландырылатын ұйымдарды тексеруді күшейтеді. Құжатты сынаушылар бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қысым жасаудан қорқады. Себебі осыған ұқсас заң Ресейде қолданылады.

«Қазір полицейлер демонстранттарды күшпен таратып жатыр, жағдай шиеленісіп, бейберекет болып кетті. Полиция парламент ғимаратын жауып, демонстранттарды оған жақындатпай отыр. Сондай-ақ, олар наразылық білдірушілерге қарсы бұрыш спрейі мен су шашыратқышты қолданды. Мұндай арнайы жасақ та бар», – деп жазады Euronews агенттігі.

Оппозициялық «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының төрағасы Леван Хабейшвили қазіргі билік Грузияны Ресейге «сатып жіберді» деп мәлімдегеннен кейін парламенттегі жалпы отырыс жанжалмен тоқтатылды.

«Азаматтар мен қоғамда елдің саясатына кімнің араласатыны, маңызды шешімдер қабылдау процесіне кім қатысатыны және олардың әрқайсысына не әсер ететіні туралы толық ақпарат болуы керек», – деді «Грузин арманы» партиясының өкілі Арчил Талаквадзе.

Заң жобасын мақұлдауға парламенттік көпшіліктің 84 депутаты дауыс берсе, оппозицияның 30 өкілі қарсы шықты.

«Бұл заңды қабылдау арқылы Грузия Батыстан оқшауланып, Ресей үшін оңай олжаға айналады», - дейді тәуелсіз депутат Теона Акубардиа.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59