Путин Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Ресей президенті Бейжің мен Харбинге барады

Ресей президенті Владимир Путин 16-17 мамырда Қытайға ресми сапармен барады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мен Қытай сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады.

Қытай Украинадағы соғыста Ресейге саяси қолдау көрсетіп отыр. Сол сияқты қару-жарақтың орнына Ресейдің соғыс күшіне үлес қосатын станоктарды, электроника мен басқа да тауарларды экспорттауды тоқтатпай отыр. Қытай ресейлік қуат көздерінің негізгі экспорт нарығы болып саналады және Ресейге қарсы экономикалық санкцияларға үнемі қарсылық көрсетіп келеді.

Қытай мен Ресей Федерациясы да бірқатар бірлескен әскери жаттығулар өткізді.

«Ресей мен Қытай көшбасшылары жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл мәселелерінің барлық кешенін егжей-тегжейлі талқылайды, Ресей-Қытай практикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды, сондай-ақ ең өзекті халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша жан-жақты пікір алмасады», – делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасап, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Путин мен Си Цзиньпин дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 75 жыл толуына және Ресей мен Қытайдың мәдениет жылдарының ашылуына арналған мерекелік кешке қатысады. Президенттің бағдарламасына Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесуі енген, оның барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтіліп отыр.

Ресей президенті сондай-ақ Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласына барады, онда ол сегізінші Ресей-Қытай ЭКСПО көрмесінің және төртінші Ресей-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумының ашылу салтанатына қатысады және Харбин политехникалық университетінің оқытушыларымен, студенттерімен кездеседі.

__Последние новости

  • Басты назарда

Курсанттардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Кеше, 10:25
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13