Су тасқыны: 60 мыңнан астам адам үйіне оралды

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 077 адам жұмылдырылды

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны бойынша еліміздегі жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте Атырау облысында Жайық өзенінің арнасында су деңгейінің көтерілуіне байланысты Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында 396 адам эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлеріне алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта елді мекенде су басқан тұрғын үйлер жоқ, жағдай тұрақты. Құлсары қаласында су басқан үйлерден су сору жұмыстары жалғастырылуда. 73 947 текше метр су сорылды, 38 мың қапшық және 1 120 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг және Құрманғазы ауданында бөгеттерді нығайту жүргізілуде.

«Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада  су басқан 3 392 үй мен 667 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сору сорылды. Қызылжар ауданында еріген қар суы сору жұмыстары аяқталды. Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында 56 жеке тұрғын үй мен 83 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 540 қапшық пен 197 тонна инертті материал төселді.

Республика бойынша 60 271 адам өз үйлеріне оралды. 5 360 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 19,9 млн еріген қар суы сорлып, 11 205 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді», - делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 077 адам, 985 техника, 349 су сору құралы және 65 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02