Ресей-Украина соғысы: Белгородта қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Қазір құтқару жұмысы жүріп жатыр

Ресейдің Белгород қаласындағы көпқабатты үйдің қирандыларынан 13 адамның мәйіті шығарылды, деп мәлімдеді елдің төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін құтқарушылар қаза тапқандардың арасында екі баланың бар екенін мәлімдеген болатын.

«Құтқарушылар Белгородта үйінді астынан тағы үш адамның мәйітін, оның ішінде екі баланы алып шықты», - делінген министрліктің ресми Telegram-каналында.

Ал облыс губернаторы Вячеслав Гладков үй құлаған жерде құтқару операциясы түні бойы жалғасатынын айтқан.

«Өлгендердің тізімі құтқару жұмысы аяқталғаннан кейін ғана жарияланады, ол толық аяқталғанша жалғасады. Үйдің кіреберісінде өзін-өзі қорғау күштері кезекшілік етуде. Еріктілер ыстық тамақ пен сусындар таратады. Олар құтқарушыларды тамақтандырады. Барлық тұрғындар басқа жерге көшірілді. Олардың кейбірі туыстарына барса, кейбірі қауіпсіз орындарға орналастырылды. Жергілікті жерде дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деп қосты Гладков.

Таңертең облыс орталығы мен оның маңындағы аудандар Украинадан жаппай атқылауға ұшырады, деп жазды бұған дейін губернатор.

Оның айтуынша, снарядтардың бірі көпқабатты үйге түсіп, 10 қабатты панель үй қирап қалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02