Арменияда ондаған мың адам митингке шығып, Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Митингке шыққандардың басым бөлігін шіркеу басшысы бастап шықты

Армения астанасының орталығында премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, 20 мыңнан астам адам митингке шықты. Мұндай ауқымды наразылыққа елдің бірқатар жерді Әзербайжанға беруі себеп болған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті әлеуметтік желі парақшалары мен БАҚ беттері жазғандай, наразылық акциясының басым бөлігін Армян апостол шіркеуінің Тавуш епархиясының басшысы архиепископ Баграт Галстанян бастап шыққан. Митинг барысында ол наразылық білдірушілер «бағынбау әрекетін» бастап жатқанын және Пашинянның премьер-министр қызметінен кетуіне бір сағат уақыты бар екенін айтты. Мерзім Мәскеу уақытымен 19:00-де аяқталды. Пашинян кездесу өткізу және отставкаға кету туралы талаптарға жауап берген жоқ.

Осыдан кейін архиепископ Ұлттық жиналысқа (Армения парламенті – ред.) импичмент жариялау арқылы премьер-министрдің отставкаға кетуін сұрайтынын мәлімдеді.

Галстанян шаршы алаңда қалуды ұйғарып, барлығын артынан еруге шақырды.

«Біз ұзаққа созбаймыз, бәріміз біріге отырып, нақты іс-әрекеттер жасап, нәтижеге қол жеткіземіз», - деді Архиепископ наразылық білдірушілерге.

Осыған дейін Арменияның сыртқы істер министрлігі Ереван мен Баку шекараны демаркациялау, оның ішінде Тавуш аймағы мен Әзербайжанның солтүстік-батысындағы Газах аймағы арасындағы төрт ауылдың тиесілігі туралы келісілгенін мәлімдеген. 1990 жылдардың басынан бері бұл аумақтар Арменияның бақылауында болған, бірақ 2020 жылы елдер арасындағы әскери қақтығыс нәтижесінде олар Әзербайжанға өтті.

Жергілікті тұрғындар бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы болып, наразылық акциясын бастады. Ереван орталығындағы митингтің басы 4 мамырда шекарадағы Киранц ауылынан басталып, 9 мамырда астанаға жетті. Атап айтқанда, наразылық білдірушілер Армения-Әзербайжан шекарасына жақын орналасқан көршілес Воскепар ауылына апаратын M6 тас жолының бөлігін жауып тастады.

Мамыр айының басында Армения билігі ауылға кіруге тосқауыл қойып, ондаған демонстрантты ұстады. Осыдан кейін архиепископ Баграт Галстанян «Отан үшін Тавуш» наразылық шеруін жариялады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22