«Мен кінәлімін»: Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты

Бишімбаев сөз арасында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің сөзін мысалға келтірді 

Көпшіліктің назарын аударған атышулы Бишімбаевтың соты аяқталуға жақын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде бүгін екі айыпталушы – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Қуандық Бишімбаев бұған дейін алға тартқан фактілерді тағы бір мәрте еске салып, Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірмегенін жеткізді.

Сөз арасында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің «өтірік сұмдық болған сайын оған сену оңай» деген пікірін қосып, әлеуметтік желілер арқылы бүкіл қоғам өзін қаралап жатқанын атап өтті. Ол Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрап, алқа билер әділ шешім шығаратынына сенім білдірді.

«Мен кінәлімін. Мойындаймын. Бірақ қасақана өлтірген жоқпын», - деді Бишімбаев.

Бақытжан Байжанов та соттағы соңғы сөзін айтып, Салтанаттың өлімін жасыру былай тұрсын, өлім аузында жатқанын білмегенін алға тартты.

«Иә, қызметкерлерді үйлеріне қайтарып, мейрамхананы жауып, бейнежазбаларды өшіруді бұйырғанымды жасырмаймын. Бірақ мен сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын білдім бе? Ант етемін. Білмедім. Егер білгенде қылмысты жасыру әрекеттерінің ешқайсысын жасамайтын едім. Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын», – деді Байжанов.

Сот процесі 10 мамырда жалғасады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 14:41
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00