Ресейдің шабуылынан Украинаның энергетикалық желісіне 1 млрд доллардан астам шығын келді

Бұл шығын алдағы уақытта әлі де артуы мүмкін

Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко Ресейдің соңғы айларда Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына жасаған жаппай шабуылының салдары туралы түсініктеме берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін біз миллиард доллардан астам шығын туралы айтып отырмыз. Бірақ шабуылдар жалғасып жатыр, шығын мөлшерінің артатыны анық», - деді Галущенко.

Министрдің айтуынша, жаппай шабуылдардың салдарынан жылу және су электр генерациялау нысандары, сондай-ақ электр энергиясын жеткізу жүйелері үлкен шығынға ұшырады. Сонымен бірге әртүрлі энергетикалық нысандарға дрондармен, баллистикалық немесе артиллериямен күнделікті шабуылдар жалғасуда, деп атап өтті Галущенко.

«Бүгінгі күні жүйе тұрақты, бірақ жағдай өте күрделі», - деген министр ауа райының жылы болуы жағдайға көмектесіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда, атап айтқанда, қақтығыс болып жатқан Харьковте электр қуатына шектеулер енгізілген.

Украиналық энергетиктер Ресейдің баллистикалық зымыран шабуылдарынан Украинаның энергетикалық жүйесінің жартысына зақым келтіргенін хабарлады.

«Укрэнерго» басқармасының төрағасы Владимир Кудрицкий жылу және су электр стансаларының айтарлықтай зақымдалуына байланысты Украинаның энергетика жүйесінде электр қуатының тапшылығы бірнеше ай бойы сезілетінін атап өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02