Соңғы 5 күнде су басқан 900 үй аумағынан су сорылды – ТЖМ

48 998 адам өз үйіне оралды 

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Шәріп Асқар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тасқынмен күрестің соңғы деректерін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Өткен тәулікте Құлсары қаласында 192 766 текше метр су сорылды. Бүгін 6 сағатта 75 үйден су бұрылып, су сорылды. Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 91 180 текше метр су сорылды. Жалпы соңғы 5 күнде су басқан 907 үй мен 134 аула аумағынан су сорылды», – деді ол.

Оның айтуынша, ел аумағында 8 453 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған.

«48 998 адам өз үйіне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 374 адам, 1 436 техника, 310 су сору құралы және 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді Асқар Шәріп.

__Последние новости

  • Басты назарда

Салтанатты түрде шығарып салды

18/04/2025 - 11:12
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09