Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге барады

Биыл Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Мәскеуге барады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біздің президенттеріміздің кездесулері жиі өтіп тұрады. Владимир Путиннің қазан айындағы Қазақстанға сапарынан кейін біздің президенттеріміз екі рет – Санкт-Петербургтегі ЕАЭО және ТМД саммиттерінде, сондай-ақ ақпанда Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындарында» кездесті. Президентіміз 8-9 мамырда Мәскеуге іссапармен баруды жоспарлап отыр.

Биыл Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді, сәйкесінше, осы форматтар аясында біздің көшбасшыларымыз арасында да кездесулер өтеді», - деп елші Ресей мен Қазақстан басшыларының 2024 жылға арналған байланыстары жоспарына түсініктеме берді.

8 мамырда Мәскеуде ЕАЭО мерейтойлық саммиті өтеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19