Орталық Африкада қазақстандық бітімгер жергілікті оқушылармен кездесті

Бұл жерде ол Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының құрамында бірнеше ай қызмет етіп жүр

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі майор Арман Бекбаев Камбоджадан келген бітімгерлермен бірге Орталық Африка Республикасының шығысындағы Бриа қаласында жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жерде ол Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының құрамында бірнеше ай қызмет етіп жүр.

Қазақстандық бітімгер балалармен әңгімелесіп, бұл елде бітімгерлік күштердің қандай мақсатпен жүргенін түсіндірді, сонымен қатар оларға Қазақстан туралы айтып берді. Оқушылар әскери қызметшіні қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз тілектерін жеткізіп, проблемаларымен бөлісті.

– Гуманитарлық дағдарыста және әлеуметтік тұрақсыздықта өмір сүретін балалармен кездесу – қандай жағдай болса да, олардың жаңа нәрселерді білуге ұмтылыстарын жоғалтпайтынын көрсетті. Ең бастысы – балалар бәрі жақсы болады деп сенеді, – деді майор А. Бекбаев. 

Іс-шара соңында бітімгерлер мектеп оқушыларына жазу құралдары мен тәттілер тарту етіп, оқу орнына спорттық керек-жарақтар берді.

Осындай гуманитарлық шараларды бітімгерлер тұрақты түрде өткізетінін айта кету керек. Жергілікті тұрғындармен кездесу – олардың қосымша міндеті.

Бітімгерлер бұл кездесуді 2010 жылы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті құрған халықаралық ағылшын тілі күніне орайластырды. Аталмыш шара БҰҰ-ның алты ресми тілін тең дәрежеде қолдануға, көптілділік пен түрлі мәдениетті қолдауға бағытталған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Кеше, 21:20
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31