Соғыста қаза тапқан ресейліктер зиратқа сыймай жатыр

Зират басында әскери құрметпен жерлеу рәсімі күн сайын өтеді

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Мәскеу облысының Мытищи қалалық ауданындағы Пироговский орман саябағының 17 га жерін іргелес орналасқан «Отан қорғаушылар пантеоны» әскери зиратын кеңейту үшін пайдалануға қабылдады. Бұл туралы «Новая газета Европа» жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қорғаныс министрлігінің Ресей Федерациясындағы ең үлкен әскери зиратты кеңейту жоспарын Мытищи қалалық округінің әкімшілігі бұған дейін растаған болатын. Аумақ қорғаныс министрлігінің нысандарымен қоршалған, сондықтан оған кіруге тыйым салынған», – деп хабарлады Мытищи әкімшілігі.

Бұл ретте аудан билігі бұл аумақ орман саябағының құрамында болмағанын алға тартады.

«Отан қорғаушылар пантеонына» айналған Федералдық соғыс мемориалдық зираты 2013 жылдың маусымында ашылған. Содан бері 1 шілдеге дейін онда 353 жерлеу жұмысы жүргізілді. Ресей Федерациясының Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін зиратта көптеген жаңа қабірлер пайда болды – 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап майданда қаза тапқандарды жерлеу секторына 900-ден астам жаңа бейіт қосылды.

Зират басында әскери құрметпен жерлеу рәсімі күн сайын өтеді, дейді мемориал маңындағы ауыл тұрғындары.

Зираттың өзі Ресей қорғаныс министрлігінің нысаны болғандықтан жұртшылық үшін жабық. Жоспарланған кеңейтуге дейін оның ауданы, ресми мәліметтер бойынша, 52,24 гектар болды – бұл аумақта алдағы 200 жылда 40 мың қорым орналасуы мүмкін деп болжанған. Алайда, әскери ведомстводан мемориалды кеңейту жоспары 2023 жылы пайда болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39