Макрон: Украинаға әскер жіберу туралы ойымнан бас тартқан жоқпын

Макрон ақпан айында Украинаға көмекке әскер жіберуі мүмкін екенін айтқан

Франция президенті Эммануэль Макрон екі ай бұрын Украинаға Франция әскерін жіберу туралы ойы әлі де бар екенін, ол ойынан бас тартпағанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Осыған дейін айтқанымдай, мен ешнәрсені жоққа шығармаймын. Өйткені біз қарсы тұрғандар да ешнәрсені жоққа шығармайды. Егер ресейліктер майданды бұзып өтіп, ал Украинадан өтініш болса – осы заңды сұрақты өзімізге қоюымызға тура келеді. Менің ойымша, бұл мүмкіндікті түбегейлі жоққа шығару соңғы екі жылдан сабақ алмау болып есептеледі», - деді Макрон Economist журналына берген сұхбатында.

Макрон осыған дейін БАҚ өкілдеріне айтқан сөзін тағы да қайталады: оның пікірінше, еуропалықтар Ресейге өз қабілетін көрсетпеуі тиіс.

Франция президентінің пікірінше, әскер жіберу мүмкіндігі туралы ақпан айындағы мәлімдемесіне Мәскеудің реакциясы оның дұрыс екенін растайды.

«Менің ескертулеріме ресейлік реакцияның агрессивтілігі олардың күткен нәтиже бергенін көрсетті. Яғни олар: егер сіздер тоқтамасаңыздар, біз тоқтаймыз деп ойламаңыздар», - деп түсіндірді Франция президенті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02