Екі жыл бұрын Қырым көпірі зымыран отынымен жарылған – БАҚ

Оқиға 2022 жылдың 8 қазанында болған

2022 жылдың қазан айында Қырым көпірін жару үшін пластикалық пленкаға тығылған қатты зымыран отыны пайдаланылған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, негізгі заряд құрамында калий немесе натрий перхлораттары, сондай-ақ ұсақ металдар бар қатты зымыран отынына негізделген аралас жарылғыш зат болды», - деп жазады «Коммерсант» басылымы.

Жарылғыш заттар бойынша ресейлік мамандар бұл зарядтың қуатын шамамен 10 тонна тротил деп бағалады. Олардың пікірінше, детонатор пластилитпен зарядталған шағын жарылғыш құрылғы болды және ол осы жүкті тасымалдайтын жүк көлігі маршрутының белгілі бір нүктесінде GPS навигаторының сигналы арқылы іске қосылды.

2022 жылдың 8 қазанында болған жарылыстан көпірдің автомобиль бөлігінің екі аралығы қирады. Сонымен қатар жарылыс кезінде көпірдің теміржол бөлігіне жақын жерде болған пойыздағы цистерналар өртенген.

Айта кетейік, Ресейдің тергеу комитеті жарылысты Украинаның қауіпсіздік қызметі ұйымдастырды деп мәлімдеген. Тергеу мәліметтері бойынша, Украина аумағында қатты зымыран отыны жарылғыш пленкаға оралған, кейін бұл жүк Болгарияның Дунайдағы Русе қаласына жөнелтілген, одан кейін Грузияның Поти қаласына, ары қарай Ереванға тасымалданып, ол жақта кейбір құжаттары ауыстырылған.

Одан кейін жүк Грузия арқылы Ресейге, Армавирге жеткізіліп, ешнәрседен хабарсыз жүргізуші жүк көлігін Қырымға алып кеткен. Құжаттарға сәйкес, бұл Ульяновскідегі бір компаниядан Симферопольдегі екінші компанияға жеткізілмек болған.

Тергеу комитеті Ресей билігі теракт деп атаған бұл операцияға Ресей, Украина және Армения елдерінің сегіз азаматының қатысы бар деп жариялады. Олар жеке сотта қаралады. Тағы бірнеше адамды, соның ішінде Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюкті Ресей билігі сырттай айыптап, қамауға алды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22