Қазақстан шекарасын бір айда ондаған шетелдік бұзып өтпек болған

29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы сәуірде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғандарды ұстады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, тиісті заңнамаларды бұзғандар:

38 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін; 29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары; 36 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер); 38 факті – діни әдебиет (842 дана); 341 факті – жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам); 744 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 134 факті – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

54 дана жүзу құралдары; жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар; 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар; 63 дана (1 тонна) итбалықтар.

«Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19