Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді

Су тасқыны кезеңінде аймақта 14 078 адам эвакуацияланды

Жайық өзенінде су деңгейі төмендеп келеді. Соңғы тәулікте су деңгейі тағы да 7-8 см дейін түсті, қазіргі кезде ол 8 м 13 см құрап отыр. Қауіпті деңгейі 8 м 50 см болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спикердің айтуынша, қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда, облыс бойынша екі елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр. 12 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда.

«Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды, оның 5813-і бала. 12 эвакопункте 2329 адам қалып отыр, оның 1 011 бала. Қалғаны туған- туыстарында орналасқан. 4359 адам үйлеріне оралды», - деді спикер.

5 сәуірден бастап облыстық гуманитарлық көмек қабылдайтын штабқа жалпы саны 1,3 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. 1,2 млн текше метр еріген қар суы сорылды.

Су тасқыны кезеңінде көтерілген дамбының жалпы ұзындығы 149,43 км құрады. Облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02