Қостанай облысында су басқан 400-ге жуық үй мүлдем жарамсыз болып қалған

Жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді

Қостанай облысында су тасқынынан келтірілген залалды өтеу үшін комиссияға 2439 өтініш түсті. Төлемдер бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпова ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. Бірінші кезекте қаражат әлеуметтік төлемдерге, су тасқынынан зардап шеккендерге залалды өтеуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде автомобиль жолдары мен электр энергиясымен жабдықтауды қалпына келтіруге жұмсалады», - деді Алма Жүсіпова.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің резервінен қосымша 405 млн теңге бөлінді, олар толығымен игерілді.

«Арқалық қаласында оңтүстіктегі өңірлерде зардап шеккен тұрғындарға 31 пәтер сатып алынды», - деді спикер.

Барлығы 1100 үй зерттелді, оның ішінде 700-ге жуық үй қалпына келтіруге жатады – олар бойынша өтемақы төленеді және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалпына келтіруге жатпайтын үйлер – 378 үй, олардың орнына жеке сектордан сатып алу арқылы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі.

«Қостанай ауданында зардап шеккендерге тағы 30 пәтер сатып алуға құжаттар дайындалуда», - деді спикер.

Біржолғы әлеуметтік көмек бойынша 739 млн теңге сомасына 1915 өтініш бойынша төлем жасалды, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда. 

«Өткен аптадан бастап зардап шеккендерге тұрмыстық техника, жиһаз және басқа да мүлік үшін төлем төлеу бойынша жұмыс басталды. 20 аотық өтініш бойынша 7,5 млн теңге төленді. Жұмыс жалғасуда», - деді аймақ өкілі.

Сондай-ақ, өңір алғашқылардың бірі болып өлген ауыл шаруашылығы жануарларына келтірілген залалды өтей бастады, ветеринарлық қызметтің мәліметінше, олардың саны 981. Бүгінгі күні бағалау бойынша есептер 806 бас бойынша дайын, төлем 161 млн теңге мөлшерінде жүргізілді.

__Последние новости

  • Тарих және тұлға

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

Бүгін, 22:52
Админ
  • Басты назарда

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

Бүгін, 22:25
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36