Ресей түрмелерінде отырған қазақстандықтар соғысқа жіберілді ме?

ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей түрмелерінде отырған қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Апталық брифингте тілшілер Ресей қалаларында есірткі бойынша түрмеге түскен қазақстандықтардың туыстары Бас прокуратураға жүгінгенін айтты.

Олар Ресей түрмелерінде соғысқа үгіттеу бар екенін айтып, балаларын елге ауыстыруды сұраған.

А.Смадияров мұндай фактілердің оннан аспайтынын, консулдар барлық жағдайдан хабардар екенін атап өтті.

«Бұл азаматтар жұмысты Telegram-арналардан немесе әлеуметтік желіден тапқан. Олар қайда баратынын, не істейтігін білді. Туыстарымен біздің консулдар байланыста, бірнеше рет барып олармен кездесіп келді. Ресей тарапымен де – РФ Сыртқы істер министрлігімен, жергілікті билікпен байланыстамыз. Ресей түрмесінде отырған Қазақстанның бір де бір азаматы соғысқа әкетілген жоқ. Мұны 100 пайыз растай аламыз. Адам қай елде заң бұзса, сол елдің заңымен жауап беруі керек. Жаза белгіленіп, түрмеге ауысқан соң прокуратура іске кірісіп, біздің елде жазасын өтеуге ғана ауыстыра алады. Біздің сотпен оларды соттай алмаймыз. Әлеуметтік желілерде жұмыс ұсынып жатса, мұқият тексеріп, өз қауіпсізідктеріңізді ойлауды сұраймын», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52