Гаага соты Нетаньяхуды тұтқындау туралы ордер шығаруы мүмкін

Соңғы күндері Израиль үкіметінің басшысы әлем көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескен

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы әскери әрекеті үшін Гаагадағы Халықаралық Қылмыстық Соттың тұтқындау туралы ордер шығаруы мүмкін екеніне қатты алаңдайды, деп жазады израильдік Maariv газеті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, соңғы күндері Израиль үкіметінің басшысы әлем көшбасшыларымен, оның ішінде АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, осы мәселе бойынша оң нәтижеге қол жеткізуге тырысқан.

Нетаньяху оқиғалардың өршуіне жол бермеу үшін Ақ үй басшысына жанама қысым көрсетуге тырысқаны атап өтілді.

Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен жоғары лауазымды Израиль шенеуніктерін, оның ішінде қорғаныс министрі Йоав Галлантты қамауға алуға ордер беруге дайын. Бұл туралы ақпаратты бұған дейін израильдік бірқатар БАҚ таратқан болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Африка Израильге қатысты БҰҰ сотына бірнеше рет шағымданған. Нәтижесінде, Гаагадағы сот Израильге геноцидтің алдын алу шараларын қабылдауды міндеттеген болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02