Су тасқыны: 9 учаскеде автокөлік жолы бұзылған

Көлік министрлігі жол төсеміндегі ақаулардың көбі қалпына келтірілгенін мәлімдеді

Су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар жолдардағы ақауларды жою мен көлік қозғалысын тез арада қалпына келтіру үшін шаралар қабылдануда. Көпірлер мен құбырлардың маңайындағы жағалауларды нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналдық белгілер орнатылды. Бұл туралы ҚР КМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінің салдарын барынша азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұзындығы 70 метрді құрайтын 9 учаскеде жол төсемін мәжбүрлі түрде бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді: Қарағанды облысындағы «Бастау – Ақтау – Теміртау» автомобиль жолының 25 шақырымы; Павлодар облысындағы «Атамекен – Ертіс – Русская поляна» автомобиль жолының 2 учаскесі; Қостанай облысындағы «Денисовка – Аршалы – Комаровка» автомобиль жолының бір учаскесінд; Солтүстік Қазақстан облысында да 5 жол төсемінде мәжбүрлі түрде жол төсемін бұзу жұмыстары жүргізілді.

«Бүгінгі таңда жолдардың басым бөлігі қалпына келтірілді. «Жезқазған – Петропавл» тас жолының 872 шақырымындағы Амангелді және Покровка ауылдары арасындағы учаскесінде жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстың барлық түрі жолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылуда», - деді Ғалымжан Өтенбаев.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19