Украина ресейлік дрондардың кесірінен Abrams танктерін майданнан шығарды

Киев Вашингтон берген 31 Abrams-тың бесеуінен айырылды

Америкалық Abrams M1A1 танктері жылдам ресейлік дрондарға тым осал болып шықты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украина Abrams танктерін майданнан шығаруға мәжбүр болды, деп жазады Associated Press ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Агенттікке Вашингтондағы сұхбат берген лауазымды қызметкерлердің бірінің айтуынша, америкалық танктер ресейлік ұшқышсыз ұшатын ұшақтарға тым осал болып шықты. Киев Вашингтон берген 31 Abrams-тың бесеуінен айырылды. AP агенттігінің хабарлауынша, одақтастар қазір бұл танктерді ұрыс даласында қалай пайдалану керектігін ойластырып жатыр.

Бұл арада Пентагон The New York Times газетіне берген жауабында Украина аннексияланған Қырымдағы нысанаға соққы беру үшін америкалық алыс қашықтықтағы ATACMS зымырандарын пайдалана алатынын растады.

Вашингтонның зымырандарды Киевке беру туралы шешімін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг жоғары бағалады.

«Украинаның қаруы азайды, бұл Ресейдің майданда алға жылжуына мүмкіндік берді. Украинада әуе шабуылына қарсы қорғаныс қабілеті жетіспей тұр, бұл ресейлік зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың көбірек соққы беруіне мүмкіндік жасады. Украинада дәл соққы беру мүмкіндіктері болған жоқ. Осылайша, Ресейдің көбірек күштерін шоғырландыра алатынын білдірді. Бірақ Украинаның жеңіске жету мүмкіндігі бар, өйткені жуырда үлкен қолдау келеді», – деді Йенс Столтенберг.

Қазір Шығыс Еуропадағы Украина консулдықтарында үлкен кезек пайда болды. Киев бұған дейін шетелде әскери жастағы украиналық ер азаматтарға консулдық қызмет көрсетуге тыйым салған. Осылайша Украина оларды елге қайтаруға тырысады. Украина сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Кулеба өз сөзінде басқалар соғысып жатқанда, бір бөлігінің шетелге қашып кетуі намыссыздық екенін айтты.

Заң тек 18 мамырда ғана күшіне енуі керек, бірақ қазірдің өзінде ішкі және шетелдік төлқұжаттардың берілуі тоқтап қалды. Биліктің бұл шешімі әлеуметтік желілерде сын толқынын тудырды, бірақ Литва мен Польша бейсенбі күні «азаматтық борышын өтеуі» үшін Украинаға әскери борышын өтеуге міндетті адамдарды қайтаруға көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59