Макрон: Еуропа жойылып кетуі мүмкін

Макрон қауіпсіздік мәселесіне келгенде Ұлыбританиямен байланысты нығайтуға шақырды

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-ты айыптап, кәрі құрлықтың ертеңі оларды қызықтырмайтынын айтып, Еуропа жойылып кетуі мүмкін деп дабыл қақты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Макрон сондай-ақ өз сөзінде, Путин Украинаға заңсыз басып кіргеннен кейін соғыс өрті Еуропаға кіреберісте лап еткен шақта қауіпсіздік мәселесіне қатысты Вашингтонның аузына қарап отыратын заман келмеске кеткенін атап өтті.

Франция президенті ЕО-ны еуропалық қорғаныс шебін мықтап, бұл бағыттағы жұмыстарды жаңартуға шақырып, Францияның ядролық әлеуеті Еуроодақтың қауіпсіздігіне кепілдік бола алатынын айтты.

Эммануэль Макрон сондай-ақ Еуропалық Одақ әлемдегі геосаяси ықпалын арттырып, «АҚШ-тың айтқанымен жүретін қол баласы емес, әлемнің басқа өңірлерімен өз қалауынша сөйлесе алатынын» дәлелдеуі керектігін мәлімдеді.

«Біз, шынтуайтына келгенде, өте баяу әрекет етеміз. Қай жағынан алып қарасақ та, АҚШ-тың басымдығы – олар өздеріне ғана сенеді, өз мүддесін, өз қамын күйттейді. Оған қарсы айтар дауымыз да жоқ. Еуропа көп артта қалды. Бұл жағдайда геосаяси ахуалға байланысты қорғаныс шебіне көп көңіл бөлуіміз тиіс.

Бұған дейін біз Ресей мен Қытайдан қару сатып алып, қауіпсіздігімізді АҚШ-тың қолына беріп қойған едік. Оның бәрін ұмытыуымыз керек. Қазіргі жағдай айтарлықтай өзгерді.

Еуропа жерінде соғыс жүріп жатыр, оны бастаған елдің ядролық әлеуеті бар. Иран да міне-міне ядролық энергияға иелік етеді, сөйткені күні-ақ жағдай тағы да өзгереді.

Еуропа құрдымға кетуі әбден мүмкін, - деп қосты ол. Біз ауқымды стратегиялық шешім қабылдауымыз керек», – деді ол Сорбоннадағы университеттегі сөзінде.

Макрон қауіпсіздік мәселесіне келгенде Ұлыбританиямен байланысты нығайтуға шақырды.

«Біздің одақтасымыз Ұлыбританиямен Ланкастер-хаусы келісімі бар, соның негізінде әріптестік қатынасты өрбітуге болады. Қарулануға екпін қоюымыз керек», – деп түйіндеді Франция президенті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39