Қарулы күштер мен Ұлттық ұлан енді 10 мың сарбаз қабылдауы қажет

Әскерге барлығы 20 мың азаматты шақыру жоспарланған.

Қарулы күштер мен басқа да әскер қатарына енді 10 мың сарбазды қабылдау қажет. Бұл туралы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі полковник Ғани Артықов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша, ҚР ҰҚК шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта қарулы күштердің бөлімдері жасақталуда, ал маусым айында Ұлттық ұлан бөліміне қабылдау басталады.

Республика бойынша 2024 жылдың көктемінде 20-18 жас аралығындағы 20 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылушылардың 50% әскери бөлімдерге жіберіліп, сапқа қосылған.

Әскерге шақырылған Айбек Сайлаухан университетті бітіріп 23 жасқа толған шағында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып барады. Ол қатаң бақылаудағы әрі жабық  Мемлекеттік күзет қызметінде әскери міндетін атқарады.

«Мен өте қуаныштымын. Бүгінде әскерде сарбаздар үшін мамандық пен жоғары білім алуға, қалаған жағдайда әскердегі қызметін жалғастыруға барлық жағдай жасалған. Ал бізге бөлінетін әлеуметтік пакетке қатысты ақпаратты әскери бөлімде беруге уәде етті», - деді Айбек Сайлаухан.

Әскерге шақырылушыларды шығарып салу шарасында Sarbaz.kz тілшісі әскери техника көрмесімен танысты.

Мәселен, шараға келгендерге қарсыластың әскері мен қару-жарағын жоюға арналған «Дева» 2Б24 батальондық минометінің қолданыстағы үлгісі көрсетілді. Ол көздеу құрылғысымен жабдықталған, аталмыш қару 6000 метр қашықтағы нысананы жоя алады. Миномет мобильді, бес адамнан тұратын құрам техниканы пайдаланбай-ақ оны бір орыннан екінші орынға жеткізе алады, бұл әсіресе таулы немесе қалалық жағдайларда тиімді.

Көрмеде қарсыластың танкілері мен артиллериясын жоюға арналған танкіге қарсы СПГ-9ДМ гранатаатқышы таныстырылды. Бұл үшін гранатаның екі түрі қолданылады: кумулятивтік және жарықшақтық әсері бар. Тiкелей ату қашықтығы 1300 метрге дейiн.

Келген азаматтар сондай-ақ Оралда жиналған ірі калибрлі НСВ-пулеметін көрді. Бұл қару қарсыластың әскерін, брондалған көлік құралдарын, сондай-ақ 2 шақырымға дейінгі биіктікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарды жоюға арналған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00