Польша СІМ басшысы: Ресей НАТО-ғо шабуыл жасайтын болса, жоспары сәтсіз аяқталады

Польша Беларусьпен де, Ресеймен де шектеседі

Нұрқанат Омарұлы

Польшаның СІМ басшысы Ресей НАТО-ғо шабуыл жасайтын болса, жоспары сәтсіз аяқталатынын мәлім етті. Сондай-ақ, Польша ол Солтүстік атлантикалық келісім ұйымына қорғаныс шебін бекемдеуге кеңес берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Польша Сыртқы істер министрі Радек Сикорский парламентте сөз сөйледі. Ол Украинада соғыс жүріп жатқан қиын сәтте үкіметтің ұстанымына, бағыт-бағдарына қатысты пікір білдірді.

Ресей тарапынан қауіп төнген шақта Еуропадағы ықпалын байқатуға ұмтылған Польшаның премьер-министрі Дональд Тусктың басым бағыттарын атап өтті.

Сикорскийдің сөзі әлемдік аудитория мен геосаяси шиеленіс шекарасында орналасқан 38 миллион халқы бар мемлекеттің халқына арналған. Польша – НАТО мен Еуропа Одағының мүшесі, бұл ел Украинамен ғана емес Беларусьпен де, Ресеймен де шектеседі. Ал Батыс елдерінің Украинаға әскери көмегі Польша жерін басып өтеді.

«Біз сондай-ақ Еуропа Одағының жедел әрекет ету күшін құруды қолдаймыз, олардың бірінші легі 2025 жылға қарай толығымен дайын болады. Бес-он мың сарбазы бар бұл «еуропалық легион» мүше мемлекеттердің азаматтарынан, нақтысы еріктілермен жасақталып, ЕО бюджеті сияқты шарттармен қаржыландырылуы тиіс». – деді Польша СІМ басшысы Радек Сикорский.

Польшаның сыртқы істер министрі Туск үкіметі заң мен халықаралық қатынастарға басымдық бере отырып, «Заң мен әділдік» консервативтік партиясын алмастыруындағы маңыздылығына тоқталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскерге салтанатты түрде шығарып салды

Кеше, 17:37
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04