«Д 1,5У», «Инсайдер 300 SF»: десантшылар қандай парашютпен секіреді?

Ми-17 тікұшағынан 2000 метр биіктіктен секіреді

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашюттік командасы Түркияда өтетін «ЭФЕС-2024» халықаралық оқу-жаттығуына қатысу үшін қандай парашютпен дайындалатыны белгілі болды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жаттығулар Қонаев гарнизонындағы 32363 әскери бөлімінің базасында 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Оңтүстік Жаңа Іле» секіру алаңында өткізіледі.

Парашют командасының құрамында 16 адам бар, оның бесеуі – әскери қызметші әйелдер.

«Тәжірибелік сабақтар барысында қатысушылар Ми-17 тікұшағынан 2000 метр биіктіктен, сондай-ақ Си-295 ұшағынан «Д 1,5У» парашют жүйесімен және кейіннен «Инсайдер 300 SF» парашют жүйесімен 3000 метр биіктіктен секіреді.

Секіру кезінде спортшылар парашют ашылғанға дейін дұрыс еркін құлауды орындауы керек, бұл бағдарламаның өте маңызды элементі. Түпкі мақсат – 3500 метр биіктіктен секіру, оның 2000 метріне дейін парашютшы еркін құлауды орындайды. Бұдан өзге жеке құрамды десанттау үшін оларға әртүрлі типтегі парашюттерді орау курсы өткізіледі.

Ел намысын қорғаушылар қатарында ефрейтор Балжан Мұсатаева да бар. 2013 жылы ол Қазақстан армиясының қатарына шақырылған. Осы уақыт ішінде Балжан әр түрлі парашют жүйелерімен 120-дан аса парашютпен секірген», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55