ХАМАС кепілге алынған адамның видеосын жариялады

Израильдің шабуылынан бүгінге дейін 34 мыңнан астам палестиналық қаза болды

Палестинаның ХАМАС ұйымы Telegram-арнасында кепілге алынған Израильде туған америкалық азамат Хирш Голдберг-Полиннің видеосын жариялады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израильге қысымды күшейту үшін ХАМАС ара-тұра кепілге алынғандардың видеоларын жариялап тұрады. Дегенмен, бұл видеоның нақты қашан түсірілгені белгісіз. Кепілге алынғандар видеоны суфлерден оқиды. Ал бұл алдын ала жазылған мәтін.

7 қазандағы шабуыл салдарынан Хирш Голдберг-Паулин бір қолынан айырылған. Оның аман қалғанының өзі ғажап. Видеода Хирш ұзақ уақыт бойы тиісті медициналық көмек көрмегенін айтты.

«Өзімді және басқа да үрейленген бейбіт тұрғындарды денеммен қалқаламақ болғанда ауыр жарақат алдым», - дейді ол.

Оның анасы Рэйчел Голдберг-Полин «Нова» музыка фестиваліндегі шабуылда өзге де кепілге алынғандармен бірге көмек сұрап жүр.

Сәрсенбі күні жарияланған видеоға жауап берген оның ата-анасы атысты тоқтату мәселесінде келісімге келуге шақырды.

«Хирштің бүгінгі видеосы таң қалдырып отыр. Біз оның тірі болғанына қуанып отырмыз, бірақ баламыздың, сондай-ақ басқа да кепілге алынғандардың және осы аймақтағы зардап шеккендердің денсаулығы мен әл-ауқатына алаңдаймыз.

Бүгін біз осы уақытқа дейін келіссөздер жүргізіп келген тараптардың көшбасшыларына үндеу жасағымыз келеді. Оларға Қатар, Египет, АҚШ, ХАМАС және Израиль кіреді. Батыл болып, істі соңына дейін жеткізіңіздер», - деді Хирштің әкесі Джонатан Полин.

Reuters мәліметінше, ХАМАС 7 қазандағы шабуылда 250-ге жуық израильдік пен шетелдіктерді кепілге алған. Олар Израиль тарихындағы ең қауіпті шабуылда 1200-ге жуық адамды өлтірген.

Ал бұған жауап ретінде Израиль Газаға шабуыл жасап, ХАМАС-ты жойып, кепілге алынғандарды қайтаруға уәде берді. Газадағы денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, Израильдің шабуылынан бүгінге дейін 34 мыңнан астам палестиналық қаза болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22