«5,6 млн қапшық құм төселді»: су тасқыны болған өңірлердегі ахуал қалай

«8 560 адам, оның ішінде 3 717 бала эвакуациялау пункттерінде орналасқан»

Нұрдәулет Кәкіш

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарында Жайық өзенінің су деңгейіне  мониторинг жүргізіліп жатыр. Су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда», - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ТЖМ

Атырау қаласында  Жайық өзені бойындағы ықшам аудандарда және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде және Береке ауылында  бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 229,6 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамы және ТЖМ Қарағанды қаласы 52859 әскери бөлімінен құрылған жиынтық топтардың көмекке келген күштері мен құралдары су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.

«Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 5 987 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 31 416 адам өз үйлеріне оралды. 8 560 адам, оның ішінде 3 717 бала эвакуациялау пункттерінде», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, 11,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 5,6 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген. Жедел желі телефонына 2 216 қоңырау түскен.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 мыңнан астам адам,  4 мың техника, 763 су сору құралы, 298 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

Кеше, 17:17
Админ
  • Басты назарда

Салтанатты түрде шығарып салды

18/04/2025 - 11:12
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09