Ресей соты билікке қарсы шыққандарды қамауға алу туралы үкім шығарды

Олар қазір шет мемлекеттерде тұрады

Админ

Сыктывкар соты Ресей Федерациясынан тыс жерде жүрген Кремль сыншыларын екі айға сырттай қамауға алу туралы үкім шығарды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыктывкар қалалық соты шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Гарри Каспаровты, Ресей Мемлекеттік Думасының экс-депутаты Геннадий Гудковты, бұрынғы экологиялық белсенді Евгения Чирикованы және оппозициялық саясаткер, «Еркін Ресей» форумының негізін қалаушы Иван Тютринді сырттай қамауға алды. Оларды екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы оларды ұстаған немесе шет мемлекет Ресей билігіне берген кезден бастап есептеледі.

Ресей Федерациясында «шетел агенттері» деп танылған және «экстремистер мен лаңкестер» тізіміне енгізілген Кремль қарсыластарына «террористік қоғам құру, оның басшылығы, лаңкестік әрекеттерді қаржыландыру және оларды жария ақтау» туралы бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.

Каспаров, Гудков, Чирикова және Тютрин қазір Ресей Федерациясынан тыс жерде тұрады. Ақпан айында олардың барлығы Вильнюстегі «Еркін Ресей» форумына қатысқан. Ақпан және наурыз айларында олар росфинмониторингтің «экстремистер мен террористер» тізіміне, ал оның алдында РФ әділет министрлігіндегі «шетел агенттерінің» тізіліміне енгізілген.

2016 жылы Каспаров пен Тютрин негізін қалаған «Еркін Ресей» форумын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «қажетсіз ұйым» деп таныды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39