Украина СІМ: Мобилизация үшін елден қашып кеткендерге консулдық қызмет көрсетілмейді

Украина азаматтарының елден тыс жерде болуы оларды «отан алдындағы жауапкершіліктен» босатпайды

Украинаның сыртқы істер министрлігі мобилизацияға байланысты елден қашып кеткен азаматтарына консулдық қызмет көрсетпейді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Кулеба шетелде әскери жастағы украиналықтарға консулдық қызмет көрсету тоқтатылатынын растады.

«Бұл жағдай қалай көрінеді: әскер жасындағы адам шетелге кетіп, өз мемлекетіне бәрі бір екенін көрсетті. Осы әрекетіне қарамастан мемлекеттен көмек алғысы келеді. Бұлай болмайды. Еліміз қазір соғыс жағдайында», - деп жазды Кулеба X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Кулебаның айтуынша, Украина азаматтарының елден тыс жерде болуы оларды «отан алдындағы жауапкершіліктен» босатпайды.

Кулеба Украина сыртқы істер министрлігі жақын арада әскери жастағы украиналықтар үшін консулдық қызмет алудың жаңа тәртібі туралы ақпарат беретінін баса айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02