Атырауда есірткі сатумен айналысқан шетелдіктер ұзақ жылға сотталды

Тінту кезінде аса ірі мөлшерде героин, аз мөлшерде апиын табылып, тәркіленген

Атырау облысында есірткі сатумен айналысқан 3 шетелдік 10 жылға сотталды. Қылмыстық іс сотталушылардың өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасының 3 азаматына ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1 және 3-тармағымен айып тағылған.

Сотталушылар 2023 жылғы 11 сәуірде сату мақсатында Өзбекстан Республикасынан Атырау қаласына аса ірі мөлшерде героин есірткісін тасымалдаған. Есірткіні жалға алынған пәтерде сақтаған. Сотталушылар есірткі затын заңсыз өткізуді жасырын орынға қою арқылы жүзеге асырған. Жалға алынған пәтерді тінту кезінде аса ірі мөлшерде героин, аз мөлшерде апиын табылып, тәркіленген.

«Сотталушылардың кінәсі куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, фотосуреттермен, мобильді телефонмен сөйлесу әңгімелерімен және заттай айғақтармен дәлелденген.

Прокурор сотталушыларға 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сотталушылар кінәсін толығымен мойындамай, өздерін ақтауды ұсынды.

Алқабилердің шешімімен сотталушылар Р., Б., М. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1 және 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген соттың хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскерге салтанатты түрде шығарып салды

Кеше, 17:37
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04