Ұлыбритания Украинаға жіберетін қару-жарақ көлемін арттырады

Ұлыбритания 2030 жылға қарай қорғаныс шығынын ЖІӨ-ден 2,5%-ға арттыруды көздеп отыр

Нұрқанат Омарұлы

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак онжылдықтың соңына қарай ел қорғаныс шығынын ЖІӨ-ден 2,5% -ға арттырады деп мәлімдеді. Сондай-ақ Украинаға 580 млн еуро көлемінде әскери көмек жіберуге уәде етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбритания қорғаныс өндірісінің қарқынын үдетіп, 2030 жылға қарай қорғаныс шығынын ЖІӨ-ден 2,5%-ға арттыруды көздеп отыр. Варшавада польшалық әріптесімен және НАТО бас хатшысымен өткен кездесуде Ұлыбритания премьер-министрі осылай деп мәлімдеді.

«Біз мұндай жағдайдың қалыптасуын қаламадық, тіпті осы бағытқа түсуді таңдамадық, бірақ қазіргі қалыптасқан жағдай соған мәжбүрлеп отыр. Әлемде қауіп күшейе түскенде жауларымызға нақты шешім қабылдап, олардың дегеніне көнбейтінімізді анық көрсетуіміз керек. Біздің әлемді тұрақтылықтан айыруға ұмтылған әрекеттерінен ештеңе шықпайды. Дос әрі одақтас елдермен бірге еркін, демократиясы үстем әлемнің мүддесі үшін алдыңғы шепте күресетін боламыз», - деді Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак.

Әскери жағдайға көшу

Салыстыру үшін мына деректерді келтірсек, НАТО елдерінің қорғанысы үшін бөлінетін қаржы мөлшері ЖІӨ-ден 2% көлемінде белгіленген.

Ұлыбритания үкіметінің басшысы егер Путин жеңіске жететін болса, «Польша шекарасында тоқтап қалмайтынына» сенімді.

«Біз еліміздің қорғаныс өнеркәсібін әскери жағдайға көшіреміз. Украинадағы соғыстан мынаны түйдік: бізге оқ-дәрілердің неғұрлым ауқымды қоры керек және біздің өнеркәсіп оларды тез толтырып отыруға әркез дайын болуы тиіс», - деді Ұлыбританияның премьер-министрі.

Украинаға қомақты көмек

Риши Сунак сондай-ақ Украинаға көрсетілетін әскери көмекті айтарлықтай ұлғайтып, жіберілетін әскери техника мен қару-жарақтың көлемін 580 миллион еуро шамасына жеткізуге уәде етті. Көмек пакетіне ресейлік нысаналарды жоюда тиімділігін дәлелдеген алыс радиусқа ұша алатын Storm Shadow зымырандары, сондай-ақ 1600 оқ-дәрі, ату құралдарына арналған 4 миллион оқ, 400 әскери көлік пен суда жүзуге арналған 60 жабдық кіреді.

Бірақ бұл көмектің нақты қашан жеткізілетіні белгісіз.

Өз кезегінде НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ұлыбритания премьер-министрінің мәлімдемесін құптап, әскери блок мүшелерін Киевке әсіресе әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен көмектесуге шақырды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
Админ
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22