Мүгедек балалардың ақшасын иемденген қайырымдылық қордың басшысы ұсталды

Қазір сотқа дейінгі терге-тексеру жүріп жатыр

Полиция органы бірқатар жәбірленушілердің «More Life» қоғамдық қорының директорыне қатысты жазған арыздары негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен яғни, аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қор арқылы жинақталған қаражат мүгедек балаларды емдеуге арналған.

«2023 жылы «More Life» Қорының директоры Ж., алаяқтық жасау мақсатында жәбірленушілердің бірімен кәмелетке толмаған церебральды сал ауруы диагнозымен есепте тұрған А-ның емделуіне 30 млн көлемінде қаражат жинақтауға келісімшарт жасаған.

Жиналған қаражат 22 млн теңгеге жеткен соң, күдікті Ж., жәбірленуші мен кәмелетке толмаған А-ны Беларусь Республикасының Минск қаласына емделуге жіберген. Алайда, жәбірленуші келгеннен кейін, жинақталған қаражаттың медициналық мекеменің есеп-шотына түспегенін анықтады.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер облыс прокурорының жеке қабылдауында болды. Тергеу барысы тәжірибелі қызметкерлермен құрылған топтың қатаң бақылауына алынып, жедел-тергеу тобы құрылды», - делінген хабарламада.

Облыс прокурорының нұсқауымен «More Life» Қорының директоры ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, оған қатысты 2 ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі терге-тексеру амалдары жүргізілуде, барлық зардап шеккендердің саны мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
Админ
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03