Байден: Украинаға әскери көмек Сенат мақұлдаған соң ғана жіберіледі

Украинаға 61 млрд доллар болатын әскери көмек жіберіледі

Нұрқанат Омарұлы

Тиісті құжатты Сенат мақұлдаған соң АҚШ президенті Джо Байден Киевке қарастырылатын әскери көмекке қатысты заң жобасына қол қоюға уәде етті. Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің мәлімдеуінше, НАТО құрамындағы бірқатар ел Украинаға әуе шабуылына қарсы Patriot жүйесін беруі мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскиге тиісті заң жобасын Сенат мақұлдаған соң көлемі 61 миллиард доллар болатын әскери көмек жіберілетінін жеткізді. Байден құжат дайын болған бетте қол қоюға уәде етті.

Заң жобасын Өкілдер палатасы қабылдағаннан кейін Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен Байден Вашингтонның Украинаға экономикалық көмек көрсетуге және ресейлік шабуылдардан кейін қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруге жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.

Зеленский Киевте Конгрес өкілдерімен өткен кездесуде заң жобасының тарихи маңыздылығына тоқталып, Байденмен арадағы әңгіме турасында айтты.

Владимир Зеленский, Украина президенті: «Екеуара әңгіме барысында қазіргі майдан даласында біздің әскерге ауадай қажетті әскери көмектің жеткізілуін қалай жеделдетуге болатыны туралы сөйлестік».

Люксембургтегі кездесуде ЕО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері Украинаға әскери көмекті күшейту мәселелерін талқылады. Келіссөзге қатысушылар Украинаның анағұрлым жетілдірілген әуе шабуылына қарсы құралдарға мұқтаж екендігін атап өтті. Алайда, ЕО сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель айтқандай, шешімдер жергілікті жерлерде қабылданады.

Жозеп Боррель, ЕО сыртқы саяси ведомствосының басшысы: «Кешіріңіздер, бірақ Брюссельде Patriots қондырғылары жоқ. Patriots жүйелері ел астаналарында шоғырланғандықтан, шешімді өздері қабылдайды. Тосқауыл зымырандарынсыз ұшыру қондырғыларының пайдасы шамалы, сондай-ақ ұшыру қондырғыларының тоқсауыл зымырандарынсыз түк пайдасы жоқ. Сондықтан олардың екеуі де керек».

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, альянсқа мүше бірқатар ел жақын арада Украинаға Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін беруі мүмкін. Әзірге Германия ғана Украинаға қосымша Patriot қондырғыларын бергенін мәлімдеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39