4,3 млрд теңге ұрлаған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды

Ол Астанада премиум санатындағы пәтерлер салуы керек болған

Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдікті экстрадицияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталынып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19