Оралда мыңнан аса тұрғын 8 жатақханаға орналастырылды

Аталған орындарда тәулік бойы полиция, емхана және СЭС қызметкерлері жұмыс істеуде

Орал қаласында 15 эвакуациялық пункт дайын болса, соның 10-на адамдар орналастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашевтің мәлім еткеніндей, студенттер онлайн оқуға кеткеннен кейін 8 жатақханаға 1 мыңнан астам адам көшіріліп, оларға жағдай жасалды. 

«Сонымен қатар эвакуациялық пункттердегі жүкті әйелдер, 6-7 баласы бар отбасылар және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен жайлы пәтерге шығару ойластырылуда. Қазіргі таңда барлығы 2 326 адам эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Оған қоса 2 700 орын резервте тұр», - деді А.Ғұбашев.

Арсен Зиннатұлының сөзіне қарағанда, қала әкімдігі мен қалалық прокуратура бірлесіп, эвакуациялық пункттерге тексеру жүргізіп, тұрғындарға тағы не қажет екендігін анықтайды.

Олар үш мезгіл ыстық тамақпен, гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Аталған орындарда тәулік бойы полиция, емхана және СЭС қызметкерлері жұмыс істеуде. 
Тағы бір маңызды мәселе, үйлері суға кеткен тұрғындарға барынша көмек көрсетілуде.

Осы кезге дейін 3 706 адамнан өтініш қабылданса, соның 481-іне 100 АЕК көлемінде (369 200 теңге) біржолғы әлеуметтік жәрдем берілді. 

«Саяжайлардың алды сәуір айының басында суға кетсе, 1, 2, 3-саяжай аумақтарын күні кеше тасқын су басты. Оған қоса екінші рет суға кеткен саяжайлар бар. Қазіргі кезде қала бойынша 10 комиссия жұмыс істеуде. Бұлардың саны тағы көбейтіледі. Күні бүгін көптеген саяжайда су тұр, кей жерлерде 2 метрден асады. Сондықтан комиссия мүшелері мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ондай жерлерге фото және видеотексеру кейін жасалады. Қадап айтатын жайт, тұрғындардың өз бетімен барып, фото мен видеоға түсіруінің қажеті жоқ. Бәрін комиссиялар реттейді», - деді А.Ғұбашев. 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02