«Құмар ойын әскерде де белең алған»: Мәжіліс депутаты лудоманияға қарсы заң жобасын таныстырды

Депутаттың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалар басқа адамның атынан букмекерлік кеңселерге бәс тігеді

Нұрдәулет Кәкіш

Құмар ойыны дертіне шалдыққандар әскерде де белең алған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Деректерге жүгінсек, соңғы 2,5 жылда еліміздің әрбір бесінші адамы ойын ойнайды екен немесе олардың құмар ойындарына қандай да бір қатысы бар. Оның ішінде 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Сұмдығы бұл дерт балалар мен жасөспірімдерді де шарпып отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен 200 мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала басқа адамның атынан букмекерлік кеңселерге бәс тігіп, азарттық ойындар ойнайды екен. Өзге адамның логинімен букмекерлік кеңселерге бәс тігуші адамдардың саны белгісіз», - деді депутат.

Оның айтуынша, еліміздегі ажырасулардың 40 пайызына осы лудомания тікелей себеп болып отыр.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындардың дені – осы құмар ойынға шалдыққандар. Былтыр Алматы облысында жантүгіршілік оқиға болып, әйелі мен екі баласын аяусыз өлтіріп, үйін өртеп жіберген оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Қылмыскер лудоман болған. Болмашы ақша үшін үш бірдей адамның өмірін қиды. Суицидтің өршуіне де осы себеп болып отыр. Мәселен, 2023 жылы елімізде 3 766 адам өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмса, олардың әрбірінің бесіншісінің себебі – лудомания», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Сонымен қатар ол құмар ойынның әскерде де белең алғанын атап өтті.

«Өкінішке қарай, бұл дерт әскерде де кең етек алған. Олардың көбі құмар ойынының шырмауынан шыға алмай жатқанын бәріміз білеміз. Осыдан бір жыл бұрынғы курсанттың өз-өзіне қол жұмсаудағы себебі де ойынқұмарлық дерті. Елімізде қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар екені белгілі болды. Олар бәске тігетін ақша табу үшін алдымен қарыз алады. Содан соң ұрлық, тонау секілді дүниелерді жасайды. Ойын нарығы айналасында үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен. Демек мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер болатыны сөзсіз. Осында келтірілген мәліметтерден Қазақстанда ойынқұмарлық індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанын байқаймыз», - деді депутат.

Оның сөзінше, бүгін қарастырылып отырған заң жобалары осы мәселелерді барынша ауыздықтап, реттеуге арналған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22