Рафах қаласына жасалған шабуылдан 22 адам қаза болды – ХАМАС

Қаза болғандар арасында 18 бала бар

Газа секторында Рафах қаласына жасалған шабуылдан 22 адам қаза болды, олардың арасында 18 бала бар. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рафахқа Израиль тарапынан жасалған соққы салдарынан қаза тапқандар саны артуда: 22 адам жазым болғаны белгілі, олардың 14-і бала, Бұл туралы ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Кувейттегі Рафах ауруханасының хабарлауынша, алғашқы соққы кезінде ер адам мен оның әйелі және үш жасар баласы қаза болған. Олардың мүрдесі аталмыш ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, оққа ұшқан әйел жүкті болған, құрсақтағы баланы аман алып қалған.

Associated Press агентігінің дәрігерлерге сілтеме жасап таратқан мәліметіне сәйкес, екінші соққыда 17 бала мен екі әйел қаза тапқан. Үйінділерде іздеу жұмысы жүріп жатыр.

Кеше кешке Рафахқа жасалған әуе соққысының салдарынан тоғыз адам, оның ішінде алты бала қаза тапты.

Агенттік мәліметінше, Палестина анклавының 2,3 миллион тұрғыны паналап жатқан Рафах қаласына Израиль тарапы күн сайын соққы жасауда. Еврей мемлекетінің билігі халықаралық үндеулерге қарамастан, Египетпен шекарадағы қалаға шабуылын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Израиль қосымша артиллериясы мен басқа да әскери күштерін Газа секторына бағыттады. Израильдік шенеуніктердің айтуынша, бұл Рафахта орналасқан «ХАМАС-тың соңғы бекінісіне» шабуылдың әзірлігі.

АҚШ президенті Джо Байден мен БҰҰ өкілдері Израиль әскерлерінің Газаның оңтүстігіне жерүсті шабуылы «қанды қырғынға» соқтыратынын ескертті.

Батыс жағалаудағы жағдай

Иордан өзенінің батыс жағалауында да жағдай шиеленісе түскен. Израиль армиясы Хеврон қаласы маңайындағы бақылау бекетіне шабуыл жасады деген күдікпен екі палестиналық азаматты атып тастағанын мәлімдеді.

Хабарламаға қарағанда, шабуыл жасағандардың біреуі солдаттарға пышақпен атылған, ал екіншісі тапаншадан оқ жаудырған.

Израиль әскерилері жараланған, ал шабуыл жасағандарға қатысты нақты ақпарат жоқ. Кейінірек Палестина әкімшілігі жасөспірімдердің мерт болғанын мәлімдеді. Олардың 18 және 19 жаста болғаны анықталды.

Ал әскерилер болса 10 содырдың көзін жойып, 8 күдіктіні қолға түсіргенін хабарлаған. Израильдік тоғыз әскери мен офицер жараланған.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, батыс жағалаудағы Кохав ха-Шахар елді мекенінің маңында қолдан жасалған жарылғыш заттың салдарынан Израиль азаматы жараланған. Хабарламаға сәйкес, ер адам 458 тасжолдың жиегінде ілініп тұрған палестиналық туды теуіп құлатпақ болғанда жарылыс болған. Бұл оқиға бақылау камерасына түсіп қалған.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Газадағы соғыс басталғалы бері басып алынған Батыс жағалауда израильдік сарбаздар мен қоныс аударушылардың арасындағы қақтығыста, кемінде, 469 палестиналық қаза тапқан.

Жақында Еуроодақ «оккупацияланған Батыс жағалаудағы және Шығыс Иерусалимдегі экстремистерге» қарсы, нақтысы төрт адам мен екі ұйымды қара тізімге қосып, оларға қатысты санкция қолданды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22