Бишімбаевтың соты отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешуде үлкен бетбұрыс болуы мүмкін – сарапшы

Ұлттық экономика экс-министрінің ісі Қазақстанның сыртында да көп талқыланатын сот процесіне айналды

Соңғы бірнеше аптадан бері жұртшылықтың назары Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деп айыпталған сот процесіне ауды. Процестің резонансты болғаны соншалықты ашық сотты тікелей эфир арқылы алыс-жақын шетелдерден де назардан тыс қалдырмай бақылап отыр. Бұл ретте DAMU Research зерттеу агенттігінің басшысы Тимур Айсауытов бұл процестің неге соншалықты кең қызығушылық тудырғаны туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Оның пікірінше, көпшіліктің бұл процеске қызығушылық танытуының себебі айыпталушының жеке басына қатысты болып тұр. Ол мұндай елеулі оқиғаға бірінші рет тап болып тұрған жоқ. Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың қаңтарында оған пара алды деген айып тағылған болатын. Содан кейін сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ Бишімбаев 2019 жылдың күзінде түрмеден шықты.

Жақында Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы Заң қабылданды. Осылайша, резонанстық оқиға қоғамға қозғау салып, соның әсерінен ұзақ уақыт күткен заңның қабылдануына түрткі болды.

«Бүгінде цифрландырудың арқасында қоғам өмірі түбегейлі өзгерді. Егер бұрын, шартты түрде айтқанда, элиталар өздерінің жабық әлемінде өмір сүрген болса, бүгінде төменгі сыныптарға жататын адамдар олардың тағдырын тікелей эфирде бақылай алады», - деді Тимур Айсаутов.

Экс-министрге қатысты ашық процесс – Салтанат Нүкенованың отбасының қайғысының қоғамда кеңінен талқыланатын жалпыхалықтық шоуға айналуының типтік мысалы деп санайды сарапшы. Осыған байланысты «қоғамдық пікір көшбасшылары» деп аталатындар шешуші рөл атқарып, олардың көзқарасы қоғамдық санада маңызды болса, БАҚ бұл мәселеде тек күн тәртібін жариялаушы ретінде әрекет ететінін айтады.

«Салтанаттың өлімі оның туыстары үшін ең ауыр трагедия екені сөзсіз. Алайда бұл қоғамдық процесс бізге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өте өзекті мәселесіне назар аударуға мүмкіндік берді. Қабылданған заң әйелдерді қорғаудағы прогреске айналды», - деп түсіндірді сарапшы.

Сонымен қатар Тимур Айсауытов қабылданған заңның екінші жағына назар аударады. Оның пікірінше, заң жұмыс істеуі үшін тиісті органдарды мұқият бақылау қажет, атап айтқанда, «үй тирандары» үшін жазаның қатаңдатылуына назар аударған жөн.

«Жаңа заң – бұл әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы үлкен қадам. Бірақ сонымен бірге, біз оны зиян келтіру үшін пайдаланып, отбасы институтын бұзбауымыз керек. Бүгінде біздің еліміз – ажырасу саны бойынша көш бастап тұрғандардың бірі. Бұл шынымен қорқынышты. Бұл тенденция 10-20 жылдан кейін қалай болуы мүмкін екені белгісіз. Біз азаматтық немесе тіпті бір жынысты неке бойынша көшбасшы болып кетпейміз бе? Оны да ойлауымыз керек. Сондықтан қабылданған заң қазақ ұлтының басты құндылықтарының бірі ретінде отбасының жойылуына ықпал етпеуі маңызды», - деді Тимур Айсауытов.

Сарапшы Қуандық Бишімбаевтың кінәсі толық дәлелденсе, оған барынша қатаң жаза қолданылғаны дұрыс деп санайды. Бұл процестің негізінде болашақта осындай қылмыстар жасаған адамдарға жауапкершіліктен бас тартуға мүмкіндік болмайтынын айтады. Дей тұрғанмен, оның пікірінше, сот процесінің максималды жариялылығы да бүкіл сот жүйесінің тиімділігіне ықпал етпейді.

«Егер айыпталушыға жазаның максималды ұзақ мерзімі берілсе, гендерлік және отбасылық әлеуметтану тұрғысынан Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамға оң әсер етуі мүмкін. Өйткені мұндай қылмыстың салдарының қаншалықты ауырлығын түсінеді. Бұл процесс отбасылық және тұрмыстық мәселелерді түбегейлі шешуге бетбұрыс болуы мүмкін», - деді сарапшы.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59