Израильдің шабуылы: әуе компаниялары Иран кеңістігімен ұшу бағытын өзгертті

Дубайға және кері қарай 1478 рейс тоқтатылды

Израиль Иранға шабуыл жасағаннан кейін әуе кеңістігі мен әуежайлардың жабылуына байланысты әуе компаниялары Иран үстімен ұшып өту бағыттарын дереу өзгертті, ұшақтарды қосымша әуежайларға қайта бағыттап, кейбір ұшақтарды ұшу пунктеріне қайтаруда. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

FlightRadar24 ұшуды бақылау сайтының мәліметінше, Иран шабуылдан кейін Тегеран, Шираз және Исфахандағы әуежайларын жауып, шабуылдан кейін бірнеше сағатқа ғана өзінің әуе кеңістігінің батыс бөлігінен ұшуға рұқсат берген.

Гринвич бойынша 04:45-те әуежайлар мен әуе кеңістігі қайта ашылды, ал АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасының дерекқорында орналастырылған жабу туралы хабарламалар өшірілді.

Әуежайлар ашылар алдында Fly Dubai Иранға жұма күнгі рейстерін тоқтатқанын мәлімдеді. Компанияның айтуынша, алдыңғы рейстердің бірі Дубайға қайтып оралған.

Flightradar 24 көрсеткендей, Iran Air рейсі Римнан Тегеранға Анкараға (Түркия) қайта бағытталды.

Emirates, Flydubai, Turkish Air, Wizz Air Abu Dhabi және Belavia жұма күні таңертең шабуылдан кейін алғашқы сағаттарда Иранның ашық әуе кеңістігінде ұшуды жалғастырған.

«Біз жағдайды мұқият бақылаймыз және билікпен тиісті келісім бойынша біздің ұшу бағыттарымызға өзгерістер енгізетін боламыз», - делінген Fly Dubai мәлімдемесінде.

Ирандағы әуе кеңістігі мен әуежайлардың жабылуы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі толассыз жауған жаңбырдан кейін Дубайда орналасқан тасымалдаушылар үшін жағдайды күрделендіріп жіберді.

FlightRadar24 мәліметінше, сейсенбіден бастап Дубайға және кері қарай 1478 рейс тоқтатылды, бұл барлық рейстердің шамамен 30%-ын құрайды.

Көптеген батыс және азиялық әуе компаниялары Израиль шабуылынан бірнеше күн бұрын-ақ Иран мен оның әуе кеңістігінен аулақ ұшуға тырысқан.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02