Израиль Иранның зымырандарын атып түсіру үшін 560 млн доллар жұмсады

Ал Иран өзінің шабуылына шамамен 50 миллион доллар жұмсаған

Израиль 50 миллион доллар тұратын ирандық зымырандарды атып түсіру үшін 560 миллион доллар жұмсады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Army Recognition сайтына сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс күштерінің жоғары операциялық дайындығына қарамастан, айтарлықтай қаржы жұмсады. Одақтастардың, әсіресе АҚШ-тың қолдауы Иранға тосқауыл қоюда маңызды рөл атқарды.

Израильдің әуе қорғанысының жүйесі бірнеше деңгейде құрылымдалған және қысқа қашықтықтағы зымырандардан құрлықаралық баллистикалық зымырандарға дейінгі қауіптермен күресу үшін жабдықталған. Негізгі жүйелерге қысқа қашықтықтағы қауіптермен күресу үшін «Темір күмбез», оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, қанатты зымырандармен күресу үшін және баллистикалық зымырандарды ұстауға арналған Arrow 2 және Arrow 3 жүйелері кіреді.

Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қауіпсіздікті қамтамасыз еткенімен, мұндай қорғаныстың құны шабуыл құнымен салыстырғанда айтарлықтай қымбат болады.

Иран өзінің шабуылына шамамен 50 миллион доллар жұмсаған деп есептелінеді. Олардың ішінде әрқайсысының құны шамамен 35 000 доллар тұратын 170 Shahed ұшқышсыз ұшатын аппараты, 1 миллион доллар тұратын 30 қанатты зымыран және әрқайсысының құны 110 000 доллар тұратын 120 баллистикалық зымыран бар. Алайда бұл Израиль, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Иордания елдерінің Тегеран ұшырған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарға қарсы тұруға жұмсаған 560 миллион долларынан бірнеше есе аз.

Дегенмен, зымырандарды атып түсіру құны 1,35 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін деген де болжам бар. «Arrow» зымыранының құны 3 миллион доллар, «Кела Давид» зымыраны 1 миллион доллар тұрады. Бұл шығындарға ирандық дрондарды атып түсіруге қатысқан техникалар да кіреді. Patriot жүйесінде баллистикалық зымыранды оңай атып түсіруге жеткілікті технология болғанымен, зымыранның құны снарядтың өзіндік құнынан орта есеппен 40 есе көп.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59