Ақтөбе қаласының әкімдігі 45 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз жұмсаған

Заңсыз әрекеттер анықталды

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол белгілерін салуға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, 2023 жылы «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» мен серіктестіктердің бірі арасында Ақтөбе қаласының жолдарында жалпы сомасы 213,3 млн теңгеге жол белгілерін орнату туралы шарт жасалған.

Шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Орталықпен көрсетілген сома толығымен төлеген.

Шарттың талаптарына сәйкес 3 айдың кепілдік мерзімі ішінде серіктестік бұзылған белгілерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.

Алайда, тексеру барысында Орталықпен кепіл мерзімі ішінде бұзылған белгілерді қалпына келтіргені үшін серіктестікке жалпы сомасы 45,5 млн теңгеге бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.

«Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда айтылғандарды негізінде, ҚК-тің 361-бабының 1-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу және процестік шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19