«Бюджетке 3 млрд 156 млн теңге түспеген»: ХҚО қызметкері қамауға алынды

Оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпаратты енгізу арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысында 2022 жылдың наурыз айы мен қыркүйек айларының аралығында Қонаев қаласы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған ХҚКО қызметкері 413 жүк көлігінің бастапқы тіркеуін жүргізу барысында көлік құралдарының санатына қатысты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізген.

Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млрд 156 млн теңге көлемінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу алымы түспеген.

«Аталған азаматқа қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген агенттік хабарламасында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Бүгін, 10:18
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Кеше, 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02