Ақтөбе облысындағы ахуал: 5 ауылды су басу қаупі бар

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы 7 ТЖ қалып отыр

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Ақтөбе облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрхат Қалдыбаев өңірдегі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша, су тасқынының алдын алу шараларына 1200-ден астам адам, 69 бірлік техника, 8 жүзу құралы, 3 су айдау техникасы және 2 әуе кемесі тартылды.

Уақытша орналастыру пункттеріне 1699 адам орналастырылды, оның ішінде 737-і бала.

Оның мәліметінше, Ырғыз ауданында 5 елді мекенді су басу қаупі бар: Мамыр, Нұра, Құйылыс, Жайсанбай және Белшар айылдары. Қазіргі уақытта жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 327 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды.

«Бүгін тікұшақтардың көмегімен Ырғыз ауылынан Құйылыс және Жайсанбай ауылдарына күштер мен құралдар жеткізілді, Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына гуманитарлық көмек жіберілді. Нұра ауылынан 11 тұрғын эвакуацияланды», - деді спикер.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына көмек көрсету үшін Ақтөбе облысынан күштер мен құралдар жіберілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03