Бишімбаевтың ісі бойынша онлайн көрсетілімнің рейтингі кейбір сериалдан асып кетті

27 наурыздан бастап 9 сот процесі бойынша 17 тікелей эфир өткізілді

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын атап өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сол себептен де іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданған.

«Осы ретте, Жоғарғы Сот басшылығының сот процестерін ашық және жария түрде өткізуге, сол арқылы қоғамдық бақылауды күшейтуге ниетті екенін атап өткім келеді. Аз уақыт ішінде материалдық-техникалық жабдықтарымен, барлық ниет білдірген БАҚ-тың сот процесіне кедергісіз, кідіріссіз қатысуы қамтамасыз етілді. Биылғы 27 наурыздан бастап 9 сот процесі бойынша 17 тікелей эфир өткізілді. Жалпы, тікелей эфирдің ретрансляциясына, процесске БАҚ-тың қатысуына ешқандай кедергі, шектеу болған жоқ», – деді ол.

Перизат Сәдуақастың мәліметінше, қазір Жоғарғы Соттың тікелей эфирін трансляциялаған TengriNews интернет-ресурсының аккаунттарында онлайн-трансляцияның жүктелген жазбасын көру қаралымы 20 млн-тан асқан.

«Біздің YouTube арнамыздағы жазбаны көру қаралымы 1,5 млн-нан асты. Бұл, менің ойымша, резонансты іске қатысты қоғамның жоғары қызығушылығының көрсеткіші. Онлайн-трансляцияны көру аумағы ұлғаюда. Қазіргі таңда біздің эфирлерді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттер көруде. Жоғарғы Сотқа осы сот процесін өз елдерінде онлайн таратуға рұқсат беру туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түсуде. Дәл қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз», – деді Жоғарғы Сот өкілі.

Тікелей эфирге 250 мың көрерменнің бір мезгілде қосылуы бойынша рекорд тіркелді. 25-44 жас аралығындағы көрермендер жалпы көрермен санының 58%-ын құрап отыр.

«Сондай-ақ, біз жүргізген талдауға сәйкес тікелей эфир көрермендерінің 75%-ы қыз-келіншектер. Бұл – онлайн сот процесінің қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпалы болады деп үміттенеміз», – делінген жазбада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Бүгін, 15:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Бүгін, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Кеше, 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11