Азаматтарды армияға күштеп алып кету қаншалықты заңды – заңгер жауабы

Әскерге шақыру қағазы бойынша комиссияға бармаса, азаматтарға қандай жауапкершілік көзделген?

Нұрдәулет Кәкіш

Қорғаныс істері жөніндегі департамент әскерге бару жасына жеткен ер балаларды армияға күштеп алып кетуге құқылы ма? Әскерге барудан бас тарту заңға қайшы екені белгілі, алайда мәжбүрлі түрде алып кету қаншалықты заңды? Заңгер, Respublica партиясы аппараты фракциясының сарапшысы Қанат Әліпбаев осы сұраққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 647-бабында азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамауы туралы былай делінген:

«Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елдімекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».

Бұл сұраққа Respublica партиясы аппараты фракциясының өкілі Қанат Әліпбаев пікір білдірді.

«Біріншіден, Конституциямызға сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына баруға міндетті. Заң бойынша шақыру қағаздары қол қою арқылы қолға беріледі. Қол қойылмаса, оның заңды күші болмайды», - деді ол.

Оның айтуынша, шақыру қағазын азаматқа жеке тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органына жүктеледі.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 744-бабына сәйкес, аталған тұлғалар жүргiзуiнде жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамға күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте осы Кодекстің 744-бабының 4-тармағына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органы (полиция) орындайды. Алайда бұл норма практикада тиімді қолданылмайды деп ойлаймын», - деді Қанат Әліпбаев.

Сонымен қатар заңгер шақырылудан жалтару болған кезде қандай шара қолданылатыны туралы айтты.  

«Қылмыстық кодекстің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына яки төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға я болмаса бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл ретте егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Алайда практикада бұл норма бойынша осы бап жиі қолданылмайды. Себебі азаматтар iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен барады», - деді заңгер.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59