Алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған: дәрігер әйел 7 млн теңгесінен айырылды

Ол 7 млн теңгені несие ретінде алған

Ақтөбелік азамат алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

5 сәуірде ақтөбелік тұрғынның телефонына белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, 7 млн теңге сомасындағы қаражатын заңсыз иеленген.

Алаяқтар жәбірленушіге оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын және оларды тоқтатып, қолға түсіру үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажет екенін айтқан. Әйел қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, бір күн ішінде қаладағы 3 банкке барып, өз атына жалпы сомасы 7 млн теңгеге несие рәсімдеген. Дәрігер әйел бұл ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға терминал арқылы 14 рет аударған. Үш күннен кейін алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген әйел полицияға арызданды.

«Полиция қызметкерлері өңірдегі барлық мекемелерді, оның ішінде медициналық мекемелерді де аралап, алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күн сайын жүргізіп, дабыл қаққанымен, өкінішке қарай азаматтар әлі де өз еркімен алаяқтарға ақша аударуда. Банк қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалмайтынын, жеке деректеріңізді және телефонға ешқандай қосымша бағдарламалар жүктеуді сұрамайтынын және өз аттарыңызға несие рәсімдеп, ақшаны аударып жіберуді талап етпейтінін азаматтардың тағы да есіне саламыз», – дейді Ақтөбе облысы ПД киберпол бөлімінің басшысы Галина Стырличук.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскерге салтанатты түрде шығарып салды

Кеше, 17:37
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04