Израиль жуырда Сириядағы Иранның елшілігіне шабуыл жасаған
АҚШ Иран Израильге жауап ретінде міндетті түрде соққы жасайтынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, дәл басқарылатын зымырандар арқылы ықтимал шабуыл алдағы күндері болуы мүмкін.
Жуырда Сириядағы Иранның елшілігіне Израиль шабуыл жасап, салдарынан екі генерал мен бес офицер қаза тапқан.
«Біз сондай-ақ Иранның жойқын шабуыл жасау қаупіне жауап бергіміз келеді. Олар Израильді ауыр шабуыл жасаймыз деп қорқытып отыр», - деді АҚШ президенті Джо Байден.
Кейінірек АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Бретт Макгурк Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар және Ирак елдерінің сыртқы істер министрлеріне телефон соғып, олардан Иранға Израильмен қарым-қатынастарды шиеленістірмеуді талап ететін хабарламаны жеткізуді сұрады.
Иран сыртқы істер министрлігі төрт араб елінің сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтық шиеленістерді талқылағанын растады.
Бұған дейін сәуірдің 10-нан 11-іне қараған түні Иран билігі әскери жаттығуларды сылтауратып, Тегеран үстіндегі әуе кеңістігін уақытша жауып тастаған болатын. Иран үкіметіне қарасты әлеуметтік желідегі Х аккаунты екі жазба жариялады, біреуі – «1:20» делінген. Бұл 2020 жылы Иранның америкалық базаларға зымырандық шабуылдарының басталуына қатысты айтылса, екінші жазбада «сионистердің ұйықтауына» сөзбе-сөз тыйым салынғаны жарияланған. Қазіргі уақытта екі жазба да жойылды.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи бұдан бұрын Израиль дипломатиялық ғимаратқа жасалған шабуылы үшін «жазалануы керек және солай болады» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл соққы Иран территориясына жасалған шабуылмен бірдей.
Бұған жауап ретінде Израиль сыртқы істер министрі Исраэл Кац егер Иран Израиль аумағына шабуыл жасаса, Израиль де қарап қалмайтынын айтты.
Ал АҚШ Израильді Газадағы атысты тоқтатуға шақырғанымен, Байден әкімшілігі Иран немесе оның т.б. шабуыл жасаса, Израильді қолдауға дайын екенін білдірді.
Иранның негізгі прокси тобы – Ливанның оңтүстігінде орналасқан және Газа секторында соғыс басталғаннан бері Израиль күштерімен күн сайын атысып келе жатқан «Хезболла» ұйымы. Соғыс басталғаннан бері ондаған мың адам Солтүстік Израиль мен Оңтүстік Ливаннан эвакуацияланды.