Украинада түрмеде отырғандар мобилизациялануы мүмкін

Мобилизациялауға жатпайтын санаттар да бар

Украинаның Жоғарғы Радасы тұтқындарды мобилизациялауға рұқсат беруі мүмкін. Депутаттар бірінші оқылымда сотталғандарды әскери жағдай кезінде келісімшарт бойынша әскери борышын өтеу мүмкіндігін қарастыратын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сонымен бірге, Украинаның ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы қылмыстар, екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру, сондай-ақ зорлау немесе сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі қарастырылмайды.

«Қоғам темір тордың ар жағында отырғандардың бәрі қылмысқа қасақана бармағанынын түсінуі керек. Көптеген тұтқындар жол-көлік оқиғасы немесе қаржылық қылмыс салдарынан темір торға тоғытылды. Олардың көпшілігі Отанын қорғауға рұқсат сұрап жүздеген хаттар жазды, өйткені олардың жауынгерлік тәжірибесі бар», - деді Раданың мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, аймақтық даму және қала құрылысы комитетінің басшысы Елена Шуляк.

Заң жобасында әскери қызмет өткеруден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімді сот қабылдайтыны және мұндай босатулар әскери бөлімдердің мамандандырылған бөлімдеріне жеткізілгеннен кейін олар әкімшілік қадағалауға алынады деп болжанып отыр. Ал сотталғандардың әскери қызметтен жалтарғаны үшін жауапкершілік 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру ретінде қарастырылған.

Сәуір айының басында Владимир Зеленский әскерге шақыру жасын 27-ден 25 жасқа дейін төмендететін мобилизация туралы заңға қол қойды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39