Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үйлеріне оралып жатыр

Еріген қар суы басқан аймақтардан 9099 адам эвакуацияланды

Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен халық үйлеріне оралып жатыр. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі жағдай туралы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Торғай ауылындағы эвакуациялық пунктерде тұратын 600-ден астам адам өз ауылдарына қайтты. Мұндағы барлық эвакуациялық пунктер жабылды.

Еріген қар суы басқан аймақтардан 9099 адам эвакуацияланды. Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

«Біржолғы әлеуметтік төлемдер төлеу басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 686 отбасына 126,6 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді», - деді спикер.

Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қаратамар су қоймасынан суды ағызу 900 м3/сек дейін төмендетілді, сондай-ақ, ағынның 1382,5 м3/с дейін төмендеуі байқалады.

Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде барлығы 850 мың м3 астам су сорылды, 98 мыңнан астам қапшық төселді, 7,5 мың тоннадан астам инертті материалдар төгілді. 423 бірлік техника, 136 мотопомпа, 27 жүзу құралы, 4 әуе кемесі және т. б. тартылды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19